Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар қанша күн демалады
Қазақстан халқы наурыз айында мейрам күндерін қосқанда 14 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы әкімдігі
Наурыз мейрамы биыл 21-23 аралығында тойланады. Бірақ 22, 23 наурыз күндері сенбі және жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күндері 24, 25-іне, яғни дүйсенбі мен сейсенбі күнге ауыстырылды.
Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында, ал алты күн жұмыс істейтін қызметкерлер – 21-24 наурыз аралығында демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз, яғни сейсенбі – жұмыс күні.
Қазақстандық 1-сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады
Бұған дейін оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен қазақстандық оқушылардың көктемгі демалысы 11 күнге – 21 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасатыны туралы жазған едік.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады