Қазақстандық 1-сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады
Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.
1-сынып білім алушыларына 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұрғаны туралы жазған едік. Қаңтардың бірінші аптасында бес күннің тек біреуі ғана жұмыс күні болса, ал наурызда қатарынан бес күн демалыс беріледі.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған