Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Насыбайды атпасам, ауырады басым-ай: Желі қолданушылары балалар кітабындағы мәтінді көріп шошыды (фото)

Желі қолданушылары балалар кітабындағы өлең мәтіндерін оқып таңғалды.

Әлеуметік желіде мәтіннің суреті тарап кетті.

«Домырам басы балқурай,

Басына қонар бозторғай.

Қалампырлы насыбай.

Насыбайды атпасам,

Ауырады басым-ай», – деп жазылған мәтінде.

«Қарлығаш, қарлығаш,

Қанаты қайқы қаңғыбас.

Тырна келді, тұр қатын.

Түндігіңді түр қатын.

Кілем жай да,

Арқан тарт

Сандық аш.

Бөдене, бөдене,

Ішіңе тисін тегене,

Төмен қарай дөңгеле», – делінген тақпақта.

Желі қолданушыары мұның бассызық екенін айтып ашынды. Кейбірі әдейі жасалған жалған ақпарат екенін айтып дауласты.

«Не деген масқара, сауатсыз кітаптар. Бұл қай оқулықтан алынған? Балаларды насыбай атуға үйрете ме?», «Меніңше бұл мектеп оқулығы емес. Балаларға арнап шығарған кітаптарды жеке меншік баспалар шығарып жатыр ғой. Соның бірі», – деп жазды желідегілер.

«Бұл халық арасына кең тараған əннен алынған үзінді. Шошитын түк те жоқ, министр байғұс онсыз да шулы. Алдымен өз сауаттарыңды жөндеп алыңдар. Жаман сөз, байбалам жақсы адамға жараспайды», – дейді Сагимбаев Есенгазы есімді желі қолданушысы.

Тағы да оқыңыз:

Атырау облысында жатақхана өртенді: Қазіргі уақытта 4 адамның денесі табылды

Тоқаев: Жихадты насихаттайтын радикалды топ бүгінде зор саяси күшке айналды

Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды

Талқылау