Тоқаев: Жихадты насихаттайтын радикалды топ бүгінде зор саяси күшке айналды

ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев теріс діни ағымдарды насихаттап жүрген радикалды топтар ислам әлемінің дамуын тежеуге итермелеп отырғанын айтты.

Тоқаевтың айтуынша, қазір әлемде исламның ізгі бастауларын жоққа шығаратын радикалды күштердің алға шығуы жиіледі, деп хабарлайды Sputnik.

“Халқымыз мың жылдан астам уақыттан бері мұсылман өркениетінің құрамына кіреді. Ислам – елімізде діннің мәдениетін, білім мен ғылымның өркендеуіне оң ықпал етті. Қазіргі таңда 2,5 мыңнан астам мешіт жұмыс істейді, халықтың 75 пайызын ислам дінін ұстанушылар құрайды. Бүгінгі күні еліміз бүкіл әлем мемлекеттері сияқты күрделі экономикалық-саяси, оның ішінде, басты идеологиялық мақсаттарды шешуге күш салуда. Жаһандану, әлемтану ұстанымдарының жаңаруы тарихи уақыт көшінің қарқынымен жеделдей түсуі – сенім мен діни құндылықтардың алатын орнын қайта бағалауды  қажет етіп отыр”, — деді сенат төрағасы Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында.

“Жихад идеяларын насихаттайтын, экстремизм мен лаңкестік жолымен жүретін радикалды топтар елеулі саяси күшке айналды. Олар мұсылмандардың барлық тарихи кезеңде барша дін өкілімен диалогқа дайын болғанын және ешкімге зиян келтірмегенін естен шығарған. Ислам әлемінің оқшауланып, дамуын тежеуге итермелеп жатыр”, — деді ол.

Тоқаев ислам өркениетіне тән алдыңғы қатарлы ғылым мен мәдениет дәстүрлерін мейлінше арттыру қажет екенін атап өтті.

“Меніңше, бұл қазіргі заманның ең өзекті проблемаларының бірі. Себебі қазіргі кезде бірқатар мұсылман мемлекеті кедейлікпен, халықтың сауатсыздығымен, денсаулық сақтау ісінің артта қалуымен, күрделі демографиялық ахуалымен, лаңкестік сын-қатермен, заңсыз есірткі айналымымен және сыбайлас жемқорлықпен байланысты қиындықтарды бастан өткізуде. Бұл сын-қатерлердің барлығы да имандылық дағдарысынан және әскери-саяси текетірестен алып шығатын пәрменді тетіктерді, идеологиялық әрі моральдық әдістерді іздестіруді талап етеді”, — деп түйіндеді ол.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды

Бас мүфти: Сақал мен балақтың ұзындығымен мұсылмандықты өлшеу қате түсінік

Қырғыз мүфтиі: біз қаламасақ та, теріс діни ағымдағылар көбейе береді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр