Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды

Алматыда троллейбускі кірген жігіт өзге жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлады. Ол адамдардан намаз оқуын сұрады.

Бұл жайтты жолаушылар видеоға түсіріп алған. Жас жігіт өзінің заңсыз уағыз айтып тұрғанын еске салған жолаушыларды балағаттай жөнелді, деп хабарлайды 31 арна. 

Тіпті өзіне қарсы сөз айтқан жолаушыны шайтансың деп айпыптады. «Ал сен өзің кімсің?» деген сұрағына «Білмеймін» деп жауап берді. Бұл жауабын бірнеше рет қайталады. Алайда «Бір жерің ауырмай ма?» деген сұрақты естіген жігіт ашуға булықты. Сұрақ қойған адамның сол жерде көзін жойып жіберетінін айтты.

Кейін өзін видеоға түсіріп тұрған адамның қолынан телефонын жұлып алды. Жолаушылардың бәрі жабылып жатып, телефонды иесіне қайтарып берді. Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ. Ал, адвокат Серік Айтбаев діни уағызды қоғамдық орында жүргізу заңсыз екенін айтты.

«Қоғамдық орында діни уағыз жүргізгендер 50 АЕК есебінде айыппұл төлейді», – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті (видео)

Енесіне алғыс айтқан келіні жұртты сүйсінтті (видео)

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр