Мейрамбек Беспаев "Парасат" орденімен марапатталды
Танымал әнші, “МузАРТ” тобының солисі Мейрамбек Бесбаев “Парасат” орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 22 мамырда Алматыда мәдениет саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен берілген марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
Ал Мейрамбек Бесбаевқа қатысты қуанышты хабарды өнер иесінің әріптесі Сәкен Майғазиев бөлісті.
“Сүйінші Мейрамбек досым “Парасат” орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын! Жаса, қазақ өнері!” – деп жазды ол.
Еске салайық, күні кеше Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мақпал Жүнісова, Азат Сейітметов, Асан Мәжит тағы бірқатар өнер адамдарын марапаттағаны хабарланған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
