Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірқатар мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Тоқаев пен Азат Сейітметов
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады.

“Отан” орденімен

Бурмистрова Татьяна Николаевна – “Ұлттық өнер” ЖШС директоры, Алматы қаласы;

ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен

Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – “Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы” РМҚК солисі, Астана қаласы;

ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен

Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры” РМҚК актрисасы, Алматы қаласы;

Тоқаев марапаттау
Фото: Ақорда

“Қазақстанның халық әртісі” құрметті атағы берілді

Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – “Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры” РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Макарова Нина Матвеевна – “А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры” КМҚК актрисасы

Сейітметов Азат Райымбекұлы – “Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры” РМҚК актері, Алматы қаласы;

“Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілді

Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – “Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры” РМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы

Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің “Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония” МКҚК қазақ оркестрінің дирижері

Жармағамбетов Расул Қайратұлы – “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ жетекші солисі

Исмайылов Өмірәлі Дәуренбекұлы – “Астана қаласының суретшілер одағы” ҚБ төрағасы

Қалиев Серік Әкрамұлы – “Алатау" дәстүрлі өнер театры” КМҚК қызметкері, Алматы қаласы

Овчинников Олег Николаевич – Қазақстанның Православ Шіркеуі Митрополиттік хорының регенті (бас дирижері)

Олексенко Игорь Владимирович – “Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы” РММ доценті, Алматы қаласы

Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы – “Б.Римова атындағы Академиялық драма театры” МКҚК актері, Талдықорған қаласы;

“Парасат” орденімен

Әбілханова Салтанат Аябекқызы – “Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті” РММ аға оқытушысы, Астана қаласы

Ким Римма Ивановна – “Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры” РМҚК актрисасы, Алматы қаласы

Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті” КеАҚ доценті, Астана қаласы;

Тоқаев марапаттады
Фото: Ақорда

ІІ дәрежелі “Достық” орденімен

Кюршад Зорлу – Түркия Республикасының Әділдік және даму партиясы төрағасының орынбасары

“Құрмет” орденімен

Бахаров Дилмурат Нурахметович – “Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры” РМҚК директоры, Алматы қаласы

Дайыров Сәбит Сергебайұлы – “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ концертмейстері

Дияров Ермек Сатыбалдыұлы – “Дервиши” тобының қатысушысы, Алматы қаласы

Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – “Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы” РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – “Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы” МКҚК М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-аспапшысы

Қалиева Ая Жәкенқызы – “Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі” РМҚК директоры

Мәжит Асан Маратұлы – “Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры” РМҚК актері, Алматы қаласы

Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы

Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің “Музыкалық жас көрермен театры” МКҚК актері

Рахмет Сұраған – ақын, Астана қаласы

Салықов Медет Тілеубекұлы – “Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы” РМҚК әртісі, Астана қаласы

Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – “Астана Балет" театры” ЖШС жетекші солисі

Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – “Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі” РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Тоқаев пен Асан Мәжит
Фото: Ақорда

“Ерен еңбегі үшін” медалімен

Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы

Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері

Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының “Алматы қаласы музейлер бірлестігі” КМҚК директоры

Сәдірбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің “Музыкалық жас көрермен театры” МКҚК актері;

Тоқаев пен Әлия Әшім
Фото: Ақорда

“Шапағат” медалімен

Безаубек Сәния Серікқызы – “Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы” КММ басшысы

Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы

Лутошкина Марина Васильевна – “Семья Лутошкиных” бастамашыл тобының волонтері

Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы

Сапорито Ренато – “Magister Art” президенті.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026 15:55