Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева: Әйел адамға артист болу оңай емес

Үй шаруасы мен шығармашылығын қатар алып жүрген Маржан Арапбаева соңғы кезде шаршап қалған сыңайлы. Ол әйел адамға өнерде жүрудің қиын екенін айтып жатыр.

20184703_1945182575753403_9205879949318160384_n

Сурет: Маржан Арапбаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың бірінде психолог Марал Сарбасқызы әншінің күш-қуатқа толы жан екенін айтып, оның өзіне лайық жар тапқанын сөз еткен-ді. Мұны әншінің өзі де растап отыр. Ол қиын сәтте қолдау көрсетер жақындарының барын айтып мақтанды.

“Күндер деген осылай өтіп жатыр. Көлікке киімдерді іліп қоямыз да, концерт, той деп жүгіріп жүреміз. Кейін үйге барып анаға, аспазға, күтушіге айналамыз. Жалпы әйел адамға артист болған оңай емес. Соны түсінетін қасыңда жарың болса, қолдайтын туыстарың, жақының табылып тұрса – үлкен бақыт! Ал мен ән айтуға кеттім”, – дейді Маржан Арапбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары аула сыпырушысымен құшақтасып суретке түскен Ернар Айдарға риза болды

Салтанат Бақаева күйеуінің қатал мінезіне бола жылаған күндерін еске алды

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді

Талқылау