Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары аула сыпырушысымен құшақтасып суретке түскен Ернар Айдарға риза болды

Желі қолданушылары аула сыпырушысымен селфи жасаған Ернар Айдардың қарапайымдылығына қайран қалғандарын жазып жатыр.

20213801_1399486276766007_6471068431352332288_n

Сурет: Ернар Айдардың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жол апатынан кейін Ернар Айдар шығармашылыққа қайта оралған-ды. Жуырда әнші жаңа бейнебаянын ұсынбақ. Десе де, оның денсаулығы үшін әлі күнге дейін алаңдайтын жандар бар. Солардың бірі туралы әншінің өзі айтып, бірге түскен суретін бөлісті.

“Бүгін аула сыпырып жүрген анамды көрдім. Мені көріп қуанып, жағдайымды сұрап уайымдағаны жүзінен байқалды. Баршаңызға раxметімді айтамын. Құшақтап қал-жағдай сұрасып, суретке түсіп алдым. Осындай аналарымыздың ақ үмітін ақтайтын ұрпақтар көбейе берсін! Барлығымызға ата-анамыздың ризашылығын алу бұйырсын!” – дейді Ернар Айдар.

Желі қолданушылары өз кезектерінде әншінің қарапайым мінезіне қайран қалғандарын жазып жатты. “Мынау Ханым апаның қызы емес пе? Жерлес әпкетайым”, “Алла разы болсын, бауырым. Аман жүр”, “Аналар үшін баланың бәрі бала. Сондай аналарды құрметтейік”, “Сондай қарапайым екенсіз! Жарайсыз”, “Неткен қарапайым жан едіңіз. Сізге ризамын”, “Өте қарапайым, ақкөңіл, жақсы жігітсің”, “Ернар, сен ерекше тұлғасың” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева күйеуінің қатал мінезіне бола жылаған күндерін еске алды

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді

Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді

Талқылау