Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Лотерея билетіне құжаттағы қателікке байланысты екі туған күнін де белгілеген Американың Мэриленд штатының тұрғыны жүлделі болды.

Құжаттағы қателікке байланысты лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат жүлделі болды

Бұл туралы UPI жаңалықтар порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адам 21 сәуірде дүниеге келген. Алайда, мемлекеттік органдард бұл күнді 23 сәуір деп қате көрсеткен. 79 жастағы америкалық азамат жақында ғана өзінің құжаттарындағы барлық қателерді түзетіпті. Дегенмен, ол екі күнді де бақытты деп санайды. Сондықтан екі туған күнін де лотерея билетінде көрсеткен екен.

«Газеттегі лотерея сызбасының нәтижесін бірден таптым. Ондағы хабарламаны көргенде көзім шығым кете жаздады»,- дейді жүлдегер.

Ер адам 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алғанын біле сала, бірден әйеліне хабарласқан. Бірақ, от анасы күйеуі әзілдеп тұр деп ойлап, оған сенбепті.

Аяқ-асты жүлделі болған ерлі-зайыптылар қаржы кеңесшісімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Олар одан  ұтысты қайда инвестициялау керектігін сұрап, ақылдаспақшы екен. Сондай-ақ, олар қаражаттың жартысын қарыздарын өтеуге және қайырымдылыққа жұмсауымыз мүмкін дейді.

Оқи отырыңыз:

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді

Флорида қаласының тұрғыны шылым шегу кезінде электронды темекінің жарылысынан көз жұмды

2 223 950 теңге төлейді: Түркия жергілікті шипажайды дамытатын саяхатшы іздеп жатыр

63 жыл бойы қан беріп келген: Миллиондаған сәбидің өмірін құтқарған донор демалысқа кетті

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр