Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

63 жыл бойы қан беріп келген: Миллиондаған сәбидің өмірін құтқарған донор демалысқа кетті

Қаны екі миллионнан астам нәрестені құтқаруға көмектескен австралиялық донор Джеймс Харрисон, 11 мамырда соңғы плазмалық қайырымдылық жасады.

Миллиондаған баланың өмірін құтқарған донор демалысқа кетті

Бұл туралы The Independent хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Харрисонның қанында анасының ресус факторлары бөлек сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін көмектесетін өте көп мөлшерде маңызды антидене бар. Егер ананың ресуз факторы теріс, ал баланікі оң болған жағдайда, сонымен қатар ананың қанындағы антиденелер белсенді болса, онда жаңа туған нәресте дүниеге ауру немесе өлі келуі мүмкін.  Ал Джеймстың қанында бүгінде иммуноглобулин вакцинасын шығара бастаған антиденелер бар. Австралиялық дәрігерлер бұл антиденелер оның ағзасына жасөспірім кезінде құйылған қанға байланысты деп отыр.

Қызыл Кресттің бағалауы бойынша, 1967 жылға дейін ресуз қақтығысы салдарынан жылына мыңдаған австралиялық сәбилер қайтыс болған.

Бүгінде екі миллионнан астам баланың өмірін құтқаруға көмектескен Харрисон жас кезінде күрделі отаны басынан өткерген. Оның өмірін 13 литр қан құтқарып қалды. Ол осыдан кейін донор болуға шешім қабылдаған. Австралиялық азамат 63 жыл бойы әр екі апта сайын қан тапсырып, 1723 қайырымдылық жасаған. Осыдан кейін биліктегілер оны сіңірген еңбегі үшін Австралия орденімен марапаттады. Ал Гиннестің рекордтар кітабы оны әлемдегі ең белсенді донор деп таныды.

63 жыл бойын қан тапсырып келген Харрион мамыр айында 81 жасқа толды. Бұл австралиялық заңмен қамтамасыз етілген қан донорының ең жоғары жасы. Харрисон 11 мамырда соңғы рет қан тапсырды.

«Мен көптеген сәбилерді осы дүниеге әкелдім, көп адамдардың өмірін құтқардым және бұл мен үшін үлкен бақыт»,-деді атақты донер.

Оның айтуынша, егер оған рұқсат берілсе, ол одан әрі қан беруін жалғастыра бермекші.

Оқи отырыңыз:

Заңды күйеуі бата берді: Төрт еркекпен қарым-қатынас құрып жүрген бойжеткен тағы да тұрмысқа шықты

Бала күтуші «шайтанның бұйрығы» бойынша бүлдіршіндерді пышақтап өлтірген

Маған мән бермеңіздер: Жұрт қаңғыбасқа ұқсап қалған Киану Ривзті танымай қалды (фото)

Индонезиялық екі бүлдіршін алып жыланның үстіне мініп, ойнаған (видео)

 

Талқылау