Қызылордада бүлдіршіннің құлағындағы сырғасын алдап шешіп алған көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаланды

Қызылорда қаласының сот отырысында алаяқтық жасады деп жазаға тартылған көпбалалы анаға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Алаяқтық бойынша айыпталған әйел өз кінәсін толық мойындады. Бүгінде үш баланың анасы, жақын уақытта төртінші нәрестесін өмірге алып келмек. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қызылордада мектеп оқушысының құлағындағы сырғасын алдап шешіп алған көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаланды

Айыпталушы қала мектептерінің бірінің алдында бастауын сыныпта оқитын қызды алдап, оның құлағындағы  сырғасын шешіп алған. Бүлдіршіннен алдау жолымен алған сырғаны қаладағы базарлардың бірінде саудаламақ болған. Сот үкімі бойынша алаяқтық жасаған әйелге үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімнің жеңіл болуын сот мамандары әйелдің көпбалалы болуымен, оларды жалғыз асырауымен түсіндіреді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Алматыда кіндік сепсисінен шетінеп кеткен сәбидің анасы ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Семейде той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Қызылордада шенеуніктер президент шыршасында оқушыларға табысталуы тиіс ноутбуктарды бермей кеткен

Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр