Алматыда кіндік сепсисінен шетінеп кеткен сәбидің анасы ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Халықтың отандық медицинаға деген сенімі күннен-күнге сөніп барады. Алматыда туғанына не бәрі алты күн болған сәби кіндік сепсисінен шетінеп кетті. Нәрестеге инфекцияның қайдан түскенін ешкім дөп басып айта алмайды. Ал жас ана Әйгерім Оразбаева аман-есен туған ұлының аяқ-астынан демі таусылғанына кім кінәлі екенін анықтай алмай, сенделіп жүр.

Алматыда кіндік сепсисінен шетінеп кеткен сәбидің анасы ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Әйгерім 4 күн ғана құшағында болған кішкентай Назардың киімдерін әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Әсіресе мына соңғы киген көгілдір костюмін қайта-қайта иіскеп, сағынышын басқысы келеді, деп хабарлады 31 арна.

Жас келіншек үшінші ұлын ақпанның 13-і күні Қалқаман ықшам ауданындағы №1 клиникалық ауруханада босанған. Сәби мен ананың денсаулығы жақсы болғандықтан дәрігерлер оны екі күннен кейін-ақ үйіне жіберген. Алайда шақалақ 2 тәуліктен соң дұрыс ембей, әлсіреп, денесі сарғая бастапты. Анасы жедел жәрдем шақырып,  қалалық балаларға арналған жұқпалы ауралар ауруханасына түскен. Ол жерде дәрігерлер баланың билурибині жоғары деп жан сақтау бөліміне алып кеткен. Ал екі күннен кейін сәби шетінепті.

«Инфекционный больницаға бардым. «Бала не үшін өлді ?» дедім. Сергей есімді реаниматолог айтты: «баланың пуповинасына инфекция түскен» деді. Сіздер маған билурибин деп айттыңыздар ғой дедім. Жоқ баланың пуповинасына неонатальный сепсис түскен деді. Кіндігінен ірің аққан, аузы-мұрнынан қан ағып кеткен, балаңыз қиналып өлді деді»,-деп қайғыруда жас ана Әйгерім Оразбаева.

Әйгерім ұлының өліміне кім кінәлі екенін анықтау үшін талай табалдырықты тоздырып, Денсаулық сақтау министрлігіне дейін арызданған. Алайда адам өлімінің себебін анықтау Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жүктелген екен.

Ал департамент басшылығы сәби өліміне қатысты арнайы комиссия құрылғанын, алайда анасы «медицина қызметкерлеріне наразылығым жоқ» деп өзі арыз жазған соң  комиссия жұмысын тоқтатты деп отыр.

«Мен Әйгерімді мұқият тыңдадым. Ол тексерудің қайта жүргізілуін талап етіп отыр. Сондықтан бізге арызын қайта жазса комиссияны қайта құрып, тексеру жүргіземіз. Әйгерім өз арызында қандай медициналық мекемеге шағымданады соны біз тексереміз»,-деп түсіндірді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жетекшісінің орынбасары Майра Үкібай.

Алайда Әйгерім Оразбаева «№36 емхана қызметкерлерін ғана қудаламауын сұрағам. Себебі емхананың бас дәрігері мен педиаторы жылап, кешірім сұрап келген. Бірақ бұл баланың өліміне кім кінәлі екенін анықтауды тоқтату керек деген арыз емес еді» дейді.  Себебі жас ананың пікірінше, ай-күні толып, өмірге аман-есен келген ұлы дәрігерлердің салғырт қарауының құрбаны болды.

Оқи отырыңыз:

Семейде той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Қызылордада шенеуніктер президент шыршасында оқушыларға табысталуы тиіс ноутбуктарды бермей кеткен

Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады

Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр