Құрбан айтқа деп сатып алынған бұқа иесінен қашып, 15 шақырым Каспийді жүзіп өткен
Маңғыстау облысында ерекше оқиға орын алды. Құрбан айтқа деп сатып алған бұқаны көлікке тиеп жатқанда жаңа иесінен қашып, теңіз арқылы жүзіп кетуге тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда бұқаның бұл әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды "Ақтау-Лада" өңірлік порталы. 15 шақырым жолдан кейін бұқа ұсталып, жаңа иесіне қайтарылды.
Полицейлер жануарды Ақтау қаласы маңында ұстап алды. Бұқа 4-ші ықшамаудан 15-ші ықшамауданға дейін қашып, жағалауға шыққанда тәртіп сақшылары ұстап алды.
Бұқаны қандай мақсатта сатып алынғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда, видео авторы әзіл ретінде жануардың Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалатынын сезіп, қашып кеткенін айтады.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"