Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі қызғаныштан әйелінің саусақтарын кесіп тастаған (фото)

Күйеуі қызғаныштан  екі қолын кесіп тастағын 25 жастағы Маргарита Грачеваға протез саусақтар салынды. Бір қолының сусақтары компьютермен, екінші қолының үлкен саусақтары жақсы жұмыс істейтін етіп жасалған ота Германияда өтті. Бұл туралы әйел өзінің желідегі парақшасында жазды.

“Менің жаңа өмірге бейімделуіме көмектескендерге үлкен рақмет. Бұл әлі бастамасы. Барлығына ұмытылмас, жарқын көктем тілеймін!”, – деп жазды Маргарита Грачева. 

Маргарита анасы Инна Шейкинамен бір айға жуық уақыт Дудерштадт қаласында тұрды. Онда протездерді өндіру бойынша ортопедиялық зауыт орналасқан.

Отаға қажет болған 6 миллион рубльді Грачевтар желі арқылы жинады.

Енді оның оңалту курсы Санкт-Петербургте өтеді. Германияда әйелге сол қолын қалпына келтіруге арналған құралғылар берілді. 

Мысалы, екі ортозды берді – бұл құрылғы тігілген саусақтардың жұмыс істеу үшін бір-бірін жалғап тұруға көмектеседі.  Саусақтарда жүйке әлі өскен жоқ, егер бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыс істемесе, оларды қайта қалпына келтіру мүмкін болмай қалады. Ең бастысы неміс мамандары сол қолға электростимуляция жасады. Оған электродтар қосылады. Ол кез келген уақытта тітіркендіргіштерге жауап береді, ал ол саусақтардың өлмей жұмыс істеп кетуіне әсер етді. Бұл құрылғыны үйге жалға алуға да болады“, – дейді ол.

Грачеваға протез салынғанға дейін анасы көмектесіп келді. Ол біреудің көмегінсіз тамақ ішіп, өздігінен киіне де алмайтын. Әйел 2 баласына апатқа ұшырағандықтан қолынан айрылғанын және енді протезбен жүретінен айтып, түсіндірген.

2017 жылдың 11 желтоқсанында күйеуі  Дмитрий Грачев Маргаританы орманға шақырып, қолдарын байлап қойған. Сосын, оның саусақтарын бір сағаттан артық уақыт кескен. Бір ай бұрын күйеуі  Маргаританы көлікте ұстап, мойнына пышақ тақап, көзіне шөп салғанын мойындауын талап еткен. Келесі күні әйел полицияға хабарласқан. Бірақ, 3 аптадан кейін арызын қайтарып алуын талап еткен. Грачева бас тартқан, оның күйеуін бітімгерлікке шақырған. 3 күннен кейін әйел қолынан айырылды.

Қаңтарда ерлі-зайыптылар ажырасты. Маргарита күйеуін әкелік құқығынан айыру туралы шағым түсірді. Қазір Дмитрий Грачев қамауда. Оның үстінен “Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыз:

Солтүстік ақ мүйізтұмсықтың соңғы аталығы өлді

Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты

АҚШ-та ер адам 4 жасар қызын жезөкшелікке мәжбүрлеп, сатып жібермек болған

Танымал актриса 2 миллион доллар тұратын жүзігін түнгі клубта жоғалтып алды

Талқылау