Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ер адам 4 жасар қызын жезөкшелікке мәжбүрлеп, сатып жібермек болған

АҚШ-тың Висконсин штатының тұрғыны Эндрю Тёрли 60 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің 4 жасар қызын хабарландырулар сайтында жыныстық мақсатта сатып жібермек болған.

Бұл туралы KHOU11news арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам қызын онымен жыныстық қатынасқа түскісі келетіндерге сатпақ болған деп болжанып отыр. 30 жастағы Тёрлиге қатысты бала саудасы, баланы жезөкшелікке мәжбүрлеу фактілері бойынша іс қозғалып, сотты болды.

Ер адам сатып алушыға «жасы 10-ға толмаған» баланы әкелуге уәде берген. Ол қызымен жыныстық қатынасқа түсудің әр 2 сағатын 1 мың долларға (320 мың теңгеден аса) бағалапты.

Мұны біліп қалған құқық қорғау органдарының қызметкері ер адамға ақша ұсынған. Мұнан кейін полицейді қыздың бөлмесіне алып барыпты. Осы кезде өз қызын сексуалды құлдыққа сатпақшы болған ер адам тұтқындалды.

Ер адам түрмеден шартты мерзімнен бұрын босатылу үшін кемінде 45 жыл қамауда отыруы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Танымал актриса 2 миллион доллар тұратын жүзігін түнгі клубта жоғалтып алды

Сұлулық байқауының арулары шенеуніктер мен кәсіпкерлерге секс қызмет көрсеткендері үшін ұрысып қалды

Үндістанда 6 адам жабылып зорлаған 11 жасар қыздың сәбиі ауру болып туылды

Қазақстан елшісі Өзбекстаннан Қазақстанға велосипедпен жетті (фото)

Талқылау