Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы демалыста елдің кей аймағында қар жауады

ауа райы
Фото: Pexels

Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы күндері жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі. Синоптиктер кей аймақтарда қатты жаңбыр жауатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

10–12 қазанда еліміздің орталық бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 10–11 қазанда күн ашық болады деп болжанады.

Синоптиктердің мәліметінше, 10–11 қазанда елдің оңтүстік-батысында, 11–12 қазанда солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Шығыс өңірлерде 10 және 12 қазанда жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар 10 қазанда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болжанып отыр. Ал 12 қазанда Түркістан облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы қаласында +18...+19 градус және Астана қаласында +11...+13 градус. Шымкент қаласында +24 градусты көрсетіп тұр.

 Алдағы күндері ауа температурасы қандай болады?

Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай әртүрлі болады:

  • Батыста +22…+27 градусқа дейін;

  • Солтүстік-батыста +17…+25 градусқа дейін;

  • Солтүстікте +13…+20 градусқа дейін;

  • Орталықта +13…+22 градусқа дейін;

  • Шығыста +10…+22 градусқа дейін;

  • Оңтүстікте және Қызылорда облысында +23…+28 градусқа дейін;

  • Оңтүстік-шығыста +17…+25 градус аралығында.

Ал Түркістан облысында ауа температурасы +18…+23 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Сондықтан жолға шығатын тұрғындарға ауа райының өзгерісін ескерген жөн.

Ислам Әден
Жұма, 09 Қазан, 2026 12:24