Бишімбаевты қорғаған адвокат марапатталды, оны Нүкеновтер әулетінің адвокаты табыс етті
Республикалық адвокаттар алқасы кәсіби мерекеге орай медаль және құрметті атақтармен марапатталған қорғаушылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Марапатталғандардың ішінде әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов та бар.
Ерлан Ғазымжанов "Кәсіпқойлығы үшін" мерекелік медалімен марапатталды. Оған медальді республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті.
Сол сотта Игорь Вранчев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының құқықтарын қорғаса, Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың мүдделері үшін күресті.
Еске салсақ, бұған дейін Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбақова марапатталды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған