Нүкенованың адвокаты Жанна Оразбақова марапатталды
Адвокат Жанна Оразбақова "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Бұл туралы Жанна Оразбақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Мемлекет басшысының 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы күні "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталдым. АҚШ-та болуыма байланысты дер кезінде ала алмай, бүгін ресми түрде марапатталдым. Менің жұмысымның қоғамға, елімізге пайдасы тиетініне сенемін. Мен мұнымен тоқтап қалғым келмейді, қоғамымыздың құқықтық мемлекетте айналуы үшін барымды саламын”, – деп жазды Оразбақова.
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталған еді. Оған қоса, Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья да алғыс алған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"