Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевты ісіне қатысқан прокурор Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградамен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бас прокуратура
Республика күні мерекесіне орай Бас прокуратура қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымал болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.
Бас прокурордың ұсынуымен мемлекет басшысы қос прокурорды мемлекеттік наградалармен, оның ішінде "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

Фото: Бас прокуратура
Сондай-ақ прокурорлар қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін оларға ведомстволық медальдар және алғыс хаттар берілді.
Бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады