Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан көз жұмған әйелдің үйін толықтай залалсыздандырады

Қосшы ауылындағы коронавирустық инфекциядан қайтыс болған әйелдің үйі толықтай залалсыздандырылады, деп хабарлады Ақмола облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Коронавирустан көз жұмған әйелдің үйін толықтай залалсыздандырады

«Марқұммен жақын байланыста болған адамдар анықталды. Олар үй ошағындағы адамдар және науқас ауруханаға жеткізілген №2 көп бейінді облыстық ауруханасындағы адамдар», - деді «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Барлық байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, зертханада қаралады. Олар медициналық бақылауда.

«Бүгінде эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілуде; бүгін жерлеу рәсімінен кейін марқұмның үйі толықтай залалсыздандырылады. Залалсыздандыру жұмыстарын Нұр-Сұлтандағы «Ұлттық сараптама орталығы» жүргізеді», - деді Омарханов.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас туралы хабаранды. Кейіннен оның Ақмола облысы Қосшы ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Коронавирустан көз жұмған әйел Алматыға құдалыққа барған.

Талқылау