Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелге шықпаған: Коронавирустан көз жұмған әйел Алматыға құдалыққа барған

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған алғашқы адам шетелге шықпаған, бірақ Алматыда және Шу қаласында қонақта болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың айтуынша, 64 жастағы Қосшы ауылының тұрғыны №2 көпбейінді облыстық ауруханада жүргізілген қарқынды емге қарамастан көз жұмған.

"Өлімнің себебі - жаппай екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз аясындағы сепсис . Пневмонияның себебі - коронавирус", - деді ол.

Медициналық мекемеге әйел 25 наурыз күні таңғы жетіде ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілді. Одан тыныс алу жетіспеушілігі, улану синдромы, ілеспе патологиялардың болуы байқалды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әйел ЖРВИ және коронавирус белгілері бар адамдармен байланыста болмаған,  шетелге шықпаған, бірақ 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.

"Байланыста болған адамдар анықталды, оқшауланды, коронавирусқа талдау алынды. Эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді басқарма басшысы.

"Әйел Алматыға құдалыққа қонаққа барды, содан кейін Шу қаласында болды. Барлық жерге пойызбен барған, өзі жеке үйде тұрған", - деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев.

«Мәлімет әлі белгісіз. Ол туыстарынан келді. Ол Алматыда және Шу тойында болды. Оны кеше, 25 наурызда, 26 наурызда таңғы 8-де алып келді. Ол 64 жаста», - деді әкім.

Әйе ауруханаға 25 наурыз күні жеткізілді. 26 наурыз күні сағат таңғы 8:00-де көз жұмды. 

Целиноград ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасы ауруханаға жатқызғаннан кейін байланысшылардың жақын шеңбері анықталды. Олардың арасында марқұмның туыстары, сондай-ақ науқас ауруханаға түскен №2 көпбейінді облыстық ауруханада болған адамдар бар.

Барлық байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, зертханалық тексеруден өтті. Олар медициналық бақылауда болады.

"Бүгінгі таңда індетке қарсы іс-шаралардың барлық кешені жүргізілуде, бүгін жерлеу рәсімін өткізгеннен кейін үй ошағы толығымен дезинфекцияланады. Дезинфекцияны Нұр-Сұлтанның ұлттық сараптама орталығы жүргізеді", - деп толықтырды Ақмола облысының басқармасы.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас туралы хабаранды. Кейіннен оның Ақмола облысы Қосшы ауданының тұрғыны екені белгілі болды.

Талқылау