Коронавирус жұқтырған қарағандылық екі қыз Франциядан ұшып келген
Бүгін Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі қыз туралы мәліметтер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Бүгін, 26 наурызда Қарағандыда коронавирустық инфекция (COVID-19) тағы екі адам расталды. Олар 18 наурызда Франциядан Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген.
"Пациенттерде вирустың болуы зертханалық талдаулар арқылы расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев онлайн-брифинг барысында.
Рейстің қалған жолаушыларынан 26 наурызда коронавирус белгілері табылмады.
Медициналық персонал санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын және қажетті хаттамаларды сақтауда.
Бүгінгі күні карантинде 314 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.
Естеріңізге сала кетйік, бұған дейін Қарағандыда коронавирустық инфекция жұқтырған екі адам анықталған болатын. Бүгінгі күні олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.