Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа бөлінген миллиардтаған теңгелер қайда кетті? Қаржы министрлігінің түсіндірмесі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы шаралар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сатып алуға үкімет резервінен 39,1 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Бұл туралы қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлім етті. 

"Коронавирус инфекциясының жаппай таралуын алдын алу үшін және әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сатып алуға 39,1 миллиард теңге бөлінді", - деді министр орынбасары. 

Бұл қаражаттың  23,4 миллиард теңгесі коронавирусқа қарсы шаралар үшін аударылды:

Жеке гигиеналық құралдарды, дәрі-дәрмектер мен медициналық заттар сатып алуға 20,6 миллиард теңге;

Тепловизор құрылғыларын, зертхана қондырғылары мен коронавирусты анықтайтын тест жүйелін сатып алуға 2,7 миллиард теңге;

Қытайда жүрген қазақстандықтарды эвакуациялау үшін 131,1 миллион теңге жұмсалыпты. 

Сондай-ақ жеке гигиеналық құралдарды, дәрі-дәрмектер мен медициналық заттар сатып алуға аймақтарға тағы 11,5 триллион теңге бөлінген. Олардың 30%-ына жуығы Нұр-Сұлтан (1,4 миллиард теңге), Алматы (1,4 миллиард теңге) және Шымкент (605 миллион теңге) аударылған. 

Регионам целевыми трансфертами на закуп средств индивидуальной защиты, дезинфицирующих средств, лекарственных средств и медицинских изделий перечислено 11,5 триллиона тенге (25 миллиардов долларов).


Қазақстан коронавирусқа байланысты 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылады - қаржы министрлігі

Талқылау