Қазақстан коронавирусқа байланысты 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылады - қаржы министрлігі
ҚР қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанның мемлекеттік бюджеті коронавирустың салдарынан 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсету мемлекет бюджетінен жүзеге асырылады. 532,8 миллиард теңге ел бюджетінен бөлінеді. Ұлттық қордан тағы екі триллион бөліну жоспарнауда. Осыған байланысты Қазақстан 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылады деп есептеп отырмыз", -деді министр орынбасары.
Сондай-ақ ол елдегі коронавирус ахуалына байланысты дағдарысқа қанша ақша бөлінетіндігін айтып кетті.
"Жалпы алғанда 5,9 триллион теңге бар. Бұл дағдарысқа қарсы шаралардың топтамасы, жергілікті қолдау мен салық преференцияларын қоспағанның өзінде. Аталған соманың 3,5 триллион теңгесі мемлекеттік бюджет есебінен, ал қалған 2,5 триллионы бюджеттік емес қаржы көздерінен жүзеге асырылады", - деді Шолпанқұлов.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?