Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңге алу үшін карталық шоттар қолданылуы мүмкін

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдерді алу үшін клиенттердің карталық шоттарын пайдалануға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карта

"Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекет басшысының төтенше жағдай кезеңіндегі тапсырмаларын орындау аясында екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен кірістерінен айрылған азаматтардың есепке алынуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі", - деді реттеуші.

Бұл үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банктік шоттарына әлеуметтік төлемдерді барынша аударуы керек.

"Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар клиенттердің банктік шоттарындағы тыйым салу фактісі немесе басқа шектеулер анықталған кезде, 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдерді ұстауға және өндіріп алуға жол бермеу туралы шаралар қабылдаймыз", - деп ескертеді агенттік.

Әлеуметтік көмек алған кезде азаматтар үшін төтенше жағдай және карантин жағдайында, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі карталық шоттарды көрсетуді ұсынады.

Бұған дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемдерді алатын арнайы сайт құрылатынын мәлімдеген болатын.

 

Талқылау