Көкшетауда әйелді аулада көлік қағып кеткен: Күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Көкшетауда тұрғын үй ауласында адам қағып кеткен әйелдің жүргізуші куәлігі болмай шықты. Бұған дейін автомектепте де оқымаған. Оған рөлді тапсырған күйеуі де жауапқа тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысының полиция департаменті 52 жастағы әйелдің өліміне байланысты екі қылмыстық іс қозғады.
“Жол апаты кезінде көлік тізгінінде отырған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны және арнайы оқудан өтпегені анықталды. Осыған байланысты полиция адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелері мен көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Сондай-ақ ведомство көлік иесі, яғни әйелдің жұбайына қатысты да жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік басқаруға рұқсат бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
11 мамыр күні күдікті үйқамаққа алынды.
Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Көкшетауда тұрғын үйдің автотұрағына кіреберіс жерде әйелді көлік қағып, оқиға орнында көз жұмған еді.
Ақмола облысы полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Белгілі болғандай, марқұм 12 жастағы қызын жалғыз тәрбиелеп келген. Артында қызы жалғыз қалды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?