Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда әйелді көлік қағып өлтірді (видео)

Жол апаты әйел
Фото: Видеодан скрин

Көкшетауда тұрғын үйдің автотұрағына кіреберіс жерде әйелді көлік қағып, оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Көліктен ытқып шыққан адамдар абдырап, автокөліктің астына үңіле бастаған. Оқиға орнына куәгерлер жүгіріп келіп, біреулер телефонын алып, қоңырау шалса, енді бірі кішкентай баланы көтеріп әкетті.

Ақмола облысы полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

 Бұған дейін Астанада тұрғын үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып кеткен еді. 1 жас 8 айлық бала оқиға орнында қаза тапты. 

"Kia Seltos автокөлігінің жүргізушісі аула ішінде қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады елордалық полицияның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 10 Мамыр, 2026 11:47