"Көгерген көзді көруден шаршадық": "Келінжан 3" фильмінің үзіндісі елді шулатты
Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова “Келінжан 3” фильмінің жарыққа шығатынын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Фильмнің продюсері киноның анонсын жеке парақшасында жариялады.
“Мәдөш пен Бақонайдың фанаттары қайдасыздар? Коммент пен лүпілді аямаңыздар! Бір-бірлеріңізге жіберіп отырыңыздар! Премьераға дейін сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Маркетингтің пачақ-пачағын шығарып жіберіңіздерші”, – деп жазды продюсер.
Алайда желі қолданушылары көзі көгерген актрисаның қызу талқылап жатыр. Продюсерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан романтика жасады деп кінәлады.
“Көгерген көзді көруден шаршадық. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа күліп отыру қалыпқа айналды”, “Ешқандай да күлкілі емес”, “Бәріміз бір үйдің Айсарасы болып отырмыз”, “Мәдөш Балқияға қол көтеріп, сонысына кешірім сұрап тұрған эпизод шығар”, – деп жазды көпшілік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған