Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кей өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

БҚО кей жерлерінде 4 желтоқсанда күндіз, 5-6 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Сонымен қатар 5-6 желтоқсан күндері қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Орал қаласында да осындай ауа райы өзерісі болады.

Аталған мәліметке байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандар мен электр, байланыс желілерінің қалыпты жұмысын сақтау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Геннадий Бендицкий Беларусь ауруханасында қайтыс болған

Оқу, тұратын орын мен тамақ тегін: қазақстандық медреселерде қалай оқытады

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Танымал журналист Геннадий Бендицкий дүниеден өтті

Талқылау