Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Бендицкий Беларусь ауруханасында қайтыс болған

Танымал қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий жексенбі күні Минск аурухаансында көз жұмды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Геннадий Бендицкийдің туыстары Қазақстанның Беларустегі елшілігіне жүгініп, ол ұзаққа созылған науқастан Минск тоғызыншы қалалық клиникалық ауруханасында бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 6:30-да көз жұмғанын хабарлаған», — деп хабарлады Жайнақов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елшілік консулы журналистің отбасына құжаттарды рәсімдеу және өзге де процедуралар бойынша барлықты қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

«Минскте қазақстандық журналистің әйелі мен  тағы бір туысы жүр. Біз Геннадий Бендицкийдің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — деп түйіндеді Жайнақов.

Бендицкий 47 жасында көз жұмды. Журналистің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Марқұмның отбасына ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев көңіл айтты.

Оқи отырыңыз:

Оқу, тұратын орын мен тамақ тегін: қазақстандық медреселерде қалай оқытады

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Танымал журналист Геннадий Бендицкий дүниеден өтті

EsentaiMall маңындағы жол апаты жаппай төбелеске ұласты (фото)

Талқылау