Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

EsentaiMall маңындағы жол апаты жаппай төбелеске ұласты (фото)

Жол-көлік оқиғасы 3 желтоқсан күні EsentaiMall-ға қарама қарсы көлік тұрағанды орын алған. Бірнеше автокөлік жол апатына ұшырағаннан кейін, жүргізушілер мен жолаушылар арасында төбелес туындады.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry 10 көлік тұрағынан шығып келе жатқан. Осы уақытта көлікке LexusLX 570 соғылған. Соққы салдарынан Camry тұрақта тұрған Mercedes-ке соғылыпты.

Куәгерлердің сөзінше, Lexus ішінде шамамен 10 адам болған. Қыздардың бірі мойындағандай, көліктегі жүргізуші мен жолаушылар мас болған екен.

Жол апатына ұшырағандардың арасында дау туып, арты төбелеске ұласты.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келіп жетті.

Оқиға қатысушалырының көбі ауруханаға жеткізілді. Тұтқындалған азаматтар саны 10 адамнан асады.

Артынан анықталғандай, автокөлік белгісіз ұйым атына тіркелген екен. Алайда көлік нөмірі төбелес кезінде жоғалып кеткен.

Оқи отырыңыз:

«Қазақтелеком» ресейлік 4 бірдей телеарнаның көрсетілімін тоқтатады

Бесікке бөлеу баланың денсаулығына қаншалықты зиян

Жексенбіде еліміздің басым аумағында көктайғақ болып, тұман түседі

Тайсон: Мұсылман болып өлемін

Талқылау