Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы ашылды. Әбілқайыр хан даңғылындағы «Нұрғасыр» мешітінің аумағында орналасқан ескерткіштің ашылу салтанатына 7000 адам қатысты. Стелла Қазақстан халқының бірлігін айқындай отырып, түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысын, бүгінгі заман ұрпақтарының ата-бабаларына деген құрметін білдіреді.

Сурет: mgorod.kz

Бұл туралы aktobetv.kz хабарлайды.

Стелладағы глобуста Қазақстанның картасы бейнеленген. Бұл бөлігі мемлекетіміздің даму идеясының беріктігін білдіреді. Іргетастың үстіңгі жағында орналасқан жеті секторда рельефті бейнелермен ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы туралы қосымша ақпарат көрсетілген. Тұғыр басына қыран құс қонақтаған. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған стелланың биіктігі – 33 метр.

Сурет: inform.kz

Ал, «Ақтөбе» аркасы бюджет сесебінен бой көтерді. Болашақта оның маңы 9 бөліктен тұратын, аумағы 45 гектар болатын саябаққа айналады. Оның ішінде этноауыл да болады. Монументтің ашылуына қатысқан өңір басшысы көпұлтты мемлекетіміздегі бірлік тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы деді.

Сурет: inform.kz

Бұл күні «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының қаржысына салынған Өнер орталығының ресми тұсаукесері өтті. «Өнер орталығы» аймақ үшін 1200 орындық концерт залы бар нысан. Бұл жерде ауқымды іс-шаралар және шығармашылық концерттер өткізіледі.

Сурет: inform.kz

Өнер орталығының ашылуы аясында «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық халық аспаптар оркестрі, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, композитор Төлеген Мұхамеджанов, әнші Қаракөз Сүлейменова және басқа де белгілі өнер иелерінің қатысуымен Гала-концерт өтті.

Сурет: inform.kz

Оқи отырыңыз:

Танымал журналист Геннадий Бендицкий дүниеден өтті

EsentaiMall маңындағы жол апаты жаппай төбелеске ұласты (фото)

«Қазақтелеком» ресейлік 4 бірдей телеарнаның көрсетілімін тоқтатады

Бесікке бөлеу баланың денсаулығына қаншалықты зиян

Талқылау