Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу, тұратын орын мен тамақ тегін: қазақстандық медреселерде қалай оқытады

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы медресе шәкірті Тимур Оразов қыздарға неше жастан бастап орамал тағу керек екені және неліктен шалғай ауылдарға сауатты имамдар жіберілуі керектігі жөнінде айтып берді.

Бұл туралы Ақтөбе Таймс хабарлайды.

Бестамақ ауылындағы медресе шәкірті Тимур Оразов Қазақстанда діни білімнің қаншалықты маңызды екенін айтып берді. Үш баланың әкесі медреседе күндізгі оқу негізінде бірінші жыл оқып жатыр екен. Елімізде діни білім алу үшін 3 жыл қажет. Медреседе оқу, тамақ мен тұру орны тегін. Биылғы жылы шәкірттерге алғаш рет 16,5 мың көлемінде ай сайын шәкіртақы берілетін болыпты. Мұнан әрі шәкіртақы көлемі 19 мың теңгеге көтерілетін көрінеді. Бестамақ ауылындағы медреседе жалпы саны 90 шәкірт оқып жатыр. Медересе түлектері Алматыда орналасқан «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқуын жалғастырып, мысырлық «Әл Азхар» университетінде білім алып, мешітке жұмысқа орналаса алады.

– Қазір медреседе жан-жақты дайындап, сауатты маман шығаруға барды салып жатыр. Ертең адамдардың дұрыс жолға түсуіне көмектесуді үйретеді. Яғни Құранды түсінуді, намаз оқуды, адамдармен дұрыс қарым-қатынас құрып, дінді насихаттуды үйренеміз… Мектеп бітіргеннен кейін жұмыс істеп, әлемде террористердің көп екенін байқадым. Көп адамдардың дұрыс жолға түсуіне сеп болғым келеді. Отанымда адам өлтіру мен діни қысым көрсету азайса деймін.

– Имамдардың шалғай ауылдарда тұрудан бас тартатыны жөнінде айтылып келеді. Осы себепті шалғай ауылдарда ваххабизм ағымының өкілдері көп екен-мыс…

– Медреседе оқуға бел шешкен адам  халыққа көмек көрсету үшін бастамасын аяқсыз қалдырмайды. Біз мұны ақша үшін жасамаймыз. Барлығы Алланың разылығы үшін.  Адамдарға дұрыс жол сілтеп, лаңкестіктен сақтап, әлемде соғыс болмай, аспанымыз ашық болуы үшін жасаймыз. Ақтөбеде 5 маусым күні лаңкестік жасағандардың ішінде бірде-бір медресе шәкірті  болған жоқ. Терористердің барлығы – өздігінен білім алғандар.  Олар жиналып алып кітап оқып, өздігінше талдайды. Дінді дұрыс түсіндіретін мұғалім міндетті түрде болуы тиіс. Бізде дінді ұстазсыз үйренсең, онда ұстазың шайтан болады деген сөз бар.

– Медреседе оқып жүріп, әйеліңіз бен үш балаңызды қалай асырап отырсыз?

– Алла жолында жүрген адамдардың аяғының астына періштелер қанатын төсеп, жеңілдігін береді. Исламда осылай делінеді. Шындығында да, барлық ісім жеңілдегенін аңғардым. Бірде небары 20 мың теңгеге тұтастай бір үйді жалдап тұрдым. Қалаға қатынап тұруымды жеңілдететін көлікті де оңай алдым. Біреулерге айтсам, сенбейді. Сонымен қатар алдағы уақытта мемлекет имамдарға жағдай жасайтыны айтылып жүр.

– Қазақстанда никаб киюге салынған тиымға қатысты көзқарасыңыз қандай?

– Бұл дұрыс. Шариғатта бетін жауып жүру деген жоқ. Өз әйелін қызғанатын ер адам оған өзгелердің сұқтанып қарағанын қаламайды. Сондықтан жабық киінгенін қалайды. Никаб киюге тыйым салу қауіпсіздік мақсатында жасалған.

– Исламда қыздар неше жастан бастап орамал тағуы керек?

– 15-17 жастан бастап. Яғни қыз бала балиғат жасқа толғанда. Мұнан кейін ол міндетті түрде намаз оқиды. Әрине, орамал туралы қоғамда келіспеушіліктер бар. Бірақ басшылыққа бағыну керек. Тіпті Құранда да Алла басшыға бағынуға әмір еткен. Басшыға бағынған адам – Аллаға бағынады. Ислам 15 жасқа толмаған қыздарды орамал тағуға міндеттемейді. Менің екі ұлым мен бір қызым бар. Қызым орамал тақпайды.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Танымал журналист Геннадий Бендицкий дүниеден өтті

EsentaiMall маңындағы жол апаты жаппай төбелеске ұласты (фото)

«Қазақтелеком» ресейлік 4 бірдей телеарнаның көрсетілімін тоқтатады

Талқылау