Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелдерге бала босанғанға 4 млн теңге төлене ме?

Осы аптада депутаттар әр туған бала үшін аналық капитал төлеу туралы бастама көтерді. Аталған сома 4 млн теңгеден асты.

42 500 теңгеден алатын қазақстандық көпбалалы отбасылар АӘК-ден қағыла ма?

Мәжілісмендер біздің елдегі тұтқындарға балаларды қолдауға қарағанда көбірек ақша жұмсалатынын алға тартып, шамданды. Статистиканы Айжан Скакова келтірді. Қазақстандағы бала күтімі бойынша жәрдемақы 17 мың теңгеден сәл аз (16 800 тг). Сонымен қатар, бір қылмыскерді түрмеде ұстау бес есе қымбатқа түседі: шамамен 88 мың.

Алайда КТК телеарнасы пікір алған мамандар Ресей мен Қазақстанды экономикалық көрсеткіштер бойынша салыстыруға болмайды дейді. Олар отандық қазынада айтарлықтай көп ақша жоқ екеніне сенімді. Сонымен қатар, өткен жылы бізде рекордтық туу көрсеткіші тіркелді: бұл шамамен 400 мың бала. Егер олардың әрқайсысына 4 миллион бөлінсе, инфляция  орын алатыны сөзсіз. Бұл тек балалары бар отбасыларға ғана емес, балалы болғысы келетіндерге де қатысты.

"Бүкіл ел бойынша жылына орта есеппен 400 нәресте 4 миллионнан артық алады. Бұл сома 1,5 триллион теңгеден артық. Әрине, бұл баға елдегі жағдайға әсер етеді... Бүгін бұл ақшаны қайдан алуға болатыны белгісіз. Біздің ұлттық қорымыз осылай "қысылуда", - деді экономист Айдар Әлібаев.

Еңбек министрлігі депутаттардың ұсынысына жауап берді. Алдағы жылға арналған бюджет бекітіліп қойған. Сондықтан ана капиталын енгізу мәселесі қарастырылмайды.



"Бүгінгі таңда Қазақстанда ана капиталын енгізу туралы шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттары жақында ғана айтқан депутаттық мәселе аясында ғана туындап отыр. Біздің Қазақстанда қалыптасқан өз жүйеміз бар", - деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Журналистер Қазақстанда ана капиталын енгізсе де, оны беру процесі сол жәрдемақылардан айтарлықтай өзгеше болатынын атап көрсетеді. Яғни, мұнда қолма-қол ақшаны алу мүмкін емес. Өйткені, депутаттар бұл ақшаны тұрғын үйге, баланың біліміне салу керек немесе ананың зейнетақы шотына аудару керек деп санайды. Демек нәресте памперске ақшаны басқа жерден здеуге мәжбүр болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр