Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасы жасалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы парламенттің 1-сессиясының ашылуында мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасы ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"29 қаңтардағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің кезекті отырысында принципиалды жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін, елдің 2025 жылға дейінгі жаңартылған ұлттық даму жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасын бекіту жоспарланып отыр", - дейді Тоқаев. 



Сонымен қатар, мемлекет басшысы үкіметтің жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды. Парламентке өткен партия мүшелерінің негізгі қызметі сөз етілді. 

"Менің тапсырмаларыма сәйкес, үімет бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін мемлекеттік бағдарламалардың Ұлттық жобаларға айналуын қамтамасыз етуі керек. Осы жұмыс аясында бағдарламалық құжаттарға "Нұр Отан" ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген бастамаларды енгізу қажет. Партия ұсынған шаралар мен тәсілдер қолданысқа енгізіліп, іске асырылуы керек. Парламентке өткен басқа партиялардың бағдарламаларындағы сындарлы ұсыныстарды Үкімет те мұқият зерттейтін болады", - дейді Тоқаев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр