Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев сайлауда "бәріне қарсымын" деген таңдау енгізуді сұрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында партия сайлауы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады", - дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы халық ұсынылғандардың барлығына қарсы дауыс бере алуы керек екенін айтты. 

"Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн",  - дейді мемлекет басшысы. 



Оған қоса, Тоқаев билік мінберіне сауатты, білімді азаматтар келуі керек екенін жеткізді. Бірақ ондай білімді азаматтарға сайлау кезінде дауыс саны жетпей қалса да, оларды билікке араластыру мәселесін қарастыру керек екенін түсіндірді мемлекет басшысы. 

"Кейбір партиялардың мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білімді, білікті азаматтар бар. Солар парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді", - дейді Тоқаев. 

Оған қоса, Тоқаев осы сайлаудың саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал еткенін жеткізді. 

"Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік. Парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Осылайша, еліміздегі көппартиялықты дамытуға және парламентаризмді нығайтуға едәуір серпін бердік", - дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысының "бәріне қарсымын" ұғымына қатысты политолог пікір білдірді.

"Бәріне қарсымын" деген таңдауды енгізу жақын арада жүзеге асырылмайтынын айтқан жөн. Президент сайлауы 2024 жылдың 1 желтоқсанында, парламет сайлауы 2025 жылдың 26 қазанында болады. Келесі ұлттық сайлау кезеңіне 3,5 жылдай уақыт бар. Бұл уақыт аралығында елде көп нәрсе өзгереді. Сондықтан, "бәріне қарсымын" ұғымы тежеліп қалмауы керек", - дейді политолог Ғазиз Әбішов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр