Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілдетін болады. Басты басымдық - халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру.



Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қатысатындығын білгені жөн", - деді мемлекет басшысы.

Оған қоса, мемлекет басшысы ауылдарды дамытуды қолға алу керек екенін жеткізді. 

"Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді-мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді", - дейді мемлекет басшысы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр