Күніне 1 миллион жұмыртқа шығарады: Қазақстандық құс фабрикасы өндіріс көлемін қалай арттырып жатыр
Тауық жұмыртқасы күнделікті тұтынатын тағамдардың бірі. Ал оның қалай және қай жерде өндірілетінін білесіз бе? Қазақстанда ішкі экономиканы дамытып, отандық өнім шығарып жатқан кәсіпорындар көп. Солардың бірі – "Қазгер-Құс" компаниясы. Компания – құс шаруашылығы өндірісінің барлық кезеңдерін өз күшімен жүзеге асыратын ірі кәсіпорын. Мұнда балапан өсіруден бастап, жем дайындау, жұмыртқаны сұрыптау және дайын өнімді жеткізуге дейінгі кезеңдер жолға қойылған.
Ал компанияның тарихы 2008 жылдан бастау алады. Сол жылы 150 миллион жұмыртқа шығаратын алғашқы өндірістік алаң салынды. Бүгінде "Қазгер-Құс" дамудың келесі кезеңіне қадам басып, үшінші өндірістік алаңның құрылысын жоспарланып жатыр. Жаңа нысан іске қосылғанда кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 380 миллион жұмыртқаға дейін артады деп күтіп отыр.
"Біз бұл нәтижемен тоқтап қалмаймыз. Қазір даму жолында ауқымды жоспарларымыз бар. Мемлекеттің қолдауының арқасында негізгі фабрикадан 10 шақырымнан астам қашықтықта құс өсіретін қосымша алаң салуды жоспарлап отырмыз. Бұл фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлек алаң болады. Сондай-ақ өндірістік ғимараттардың саны артатын болады. Нәтижесінде жылдық жұмыртқа өндіру көлемін 380 миллион данаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Осылайша, импортты алмастыру саясатын іске асыруға және экспорт нарығына шығуға өз үлесімізді қоспақпыз", – дейді "Қазгер-Құс" ЖШС қаржы директоры Мартин Яков Иванович.
Бүгінде "Қазгер-Құс" тек тауық жұмыртқасын ғана емес, құс шаруашылығының өзге де өнімдерін нарыққа шығарады. Олардың қатарында құрғақ жұмыртқа меланжы, жануарларға арналған жем, органикалық тыңайтқыштар, тауық еті және оның ішкі мүшелері бар.
Кәсіпорын өнім сапасына ерекше мән береді. Жұмыртқаны сұрыптау цехтары Нидерландтық MOBA компаниясының заманауи жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Арнайы электронды детекторлар жұмыртқаларды автоматты түрде тексеріп, ластанған өнімдерді анықтап, талапқа сай келмейтін өнімдерді сатылымға жібермейді.

"Қазгер-Құс" кәсіпорны отандық өндірісті дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да үлес қосады.
Алайда өндірісті кеңейту үшін заманауи технологиялар мен ұжымның еңбегі ғана жеткіліксіз. Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін компанияға сенімді қаржылық серіктестер де қажет екенін ескеру керек. Ал "Қазгер-Құс" фабрикасының сенімді серіктестері – Аграрлық кредит корпорациясы мен Bereke Bank.

Bereke Bank "Агробизнес 2.0" бағдарламасы аясында кәсіпорынды 6 миллиард теңге көлемінде қаржыландырған. Бұл қаражат бизнесті дамытуға және өндірістік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
“Аграрлық кредит корпорациясы мен Bereke Bank-тің қолдауының арқасында біз қарқынды дамып келеміз. Идеяларымыз бен жоспарларымыз біртіндеп жүзеге асып жатыр. Қаржылық серіктестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз және бұл серіктестік әлі талай жыл жалғасады деп үміттенеміз. Бірлесе отырып, жаңа жетістіктерге жете алатынымызға сенімдіміз", – дейді "Қазгер-Құс" ЖШС қаржы директоры Мартин Яков Иванович.
Bereke Bank агроөнеркәсіп кешенін қолдауды басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырады. Банк осыған дейін ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне арналған қаржылық шешімдерді ұсынып, өндірістік нысандар салудан бастап, айналым қаражатын толықтыруға дейінгі жобаларды жүзеге асыруға көмектесіп келеді.

"Bereke Bank “Бәйтерек” холдингімен және Аграрлық кредит корпорациясымен бірлесіп Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Біз жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде қаржыландыру ұсынамыз. Әсіресе, отандық өндірісті дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және экспорттық әлеуеті бар жобаларға басымдық береміз. Біздің мақсатымыз – қазақстандық кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттыруға, нарыққа шығуға және ел экономикасының дамуына көмектесу", – деп атап өтті "Bereke Bank" АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) ірі және орта бизнес блогының атқарушы директоры Ержан Темірғалиев.

"Қазгер-Құс" компаниясының қарқынды дамуы еліміздің агроөнеркәсіп кешені мен экономикасының өркендеуіне үлес қосып жатыр. Ал жүйелі инвестиция мен қаржылық қолдау отандық өндірістің әлеуетін арттырып, оның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр.