Денсаулығына байланысты: Экс-әкім Кәрім Көкірекбай уақытынан ерте босатылды
12 жылға сотталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбайды сот ауыр дертке шалдыққандықтан, оны уақытынан ерте босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы қаулы 17 қараша күні қабылданды. Прокуратура Алатау сотының Кәрім Көкірекбайды жазасын одан әрі өтеуден босату туралы қаулысының күшін жою туралы жеке өтінішхат жіберді. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Ауыр дертке байланысты сотталған Көкрекбаевты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы №57 мекеме әкімшілігінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ", – деп жазылған хабарламада.
Прокуратура сот актісінің күшін жою туралы жеке өтініш берді.
Экс-әкім не үшін сотталды?
Кәрім Көкірекбай 2025 жылғы 3 шілдеде 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот материалдарына сәйкес, Көкірекбаев "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесін басқарған кезеңде өзінің орынбасары Әділет Ахатаевпен бірге мердігер "Bazis Construction INFR" ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден пара алған. Тергеу мәліметінше, 396 миллион теңге көлеміндегі пара Қорғас өзеніндегі қорғаныс құрылыстары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін берілген. Алайда құжаттарда көрсетілген құрылыс-монтаж жұмыстарының бір бөлігі іс жүзінде орындалмаған. Салдарынан мемлекетке 1,98 миллиард теңгеге жуық залал келген.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Көкірекбаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер Андрей Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуіне де өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды.
Еске сала кетейік, Stan.kz тілшісі кезінде Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін жас басқарушылардың қатарында аталған шенеуніктердің кейінгі тағдырын зерттеп көрді. Олардың арасында бүгінде түрлі қылмыстық істер бойынша сотталғандар да, тергеуге алынғандар да бар
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
