Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан неге осы парламент сайлауына бұрынғыдан үш есе көп қаржы жұмсамақ?

Осы жолы өткізілетін парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова 2016 жылы парламент мәжілісі және мәслихаттар сайлауын ұйымдастыруға, өткізуге жұмсалатын шығыстар 6,8 млрд теңгені құрағанын еске алды. 

Ал осы жолғы сайлауға жұмсалатын шығындардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2020 жылға 10,8 млрд теңге, 2021 жылға 4,5 млрд теңге жоспарланған. 

"Бірінші кезекте, шығыстар көлемінің өсуі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың ұлғаюына әсер еткен жалақының ең төменгі мөлшерінің артуымен байланысты. Қазақстан Республикасы сайлау туралы конституциялық заңның 20-бабы 10-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау кезінде сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді. Бұл ретте нақты жалақы комиссия мүшесінің жұмысын есепке алу табеліне сәйкес жүргізілетін болады", - дейді Ғалымова.  

2016 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 22 859 теңгені құрады. 2020 жылға арналған жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге. Осылайша ең төменгі жалақының өсуі шамамен екі есеге артқан.



"Екіншіден, халықтың табиғи өсуіне байланысты жаңадан құрылған 86 сайлау учаскесіне, жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы 600-ден астам мүшеге жұмсалатын шығындар ұлғайды. Бұл ретте сайлаушылар тізілімі 2016 жылы -  9 791 163 адам, ал 2020 жылғы 1 желтоқсанға - 11 919 241 адам. Үшіншіден, тауарлар жұмыстар және қызметтер бағасының құнсыздануы, сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізуге байланысты міндетті шығыстар, оның ішінде жеке қорғану құралдар шығындардың өсуінің негізгі факторы болып табылады", - дейді орталық сайлау комиссиясының басшысы Ғалымова. 

Осы біріккен компания шығындарының болжамды сметасында шығыстардың негізгі үлесі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге - 11,1 млрд. теңге немесе 70% жоспарланған. 

Шығыстардың қалғаны 27%-ы сайлау комиссияларын ұйымдастыру шығындарына және сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге жұмсалады. 

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің төменгі палатасының сайлауы туралы айтты. Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділетті болатынына ниетті екенін жеткізген. 

Талқылау