Лукашенко Қазақстандағы сайлау туралы: Сіздерге қиын болады
Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдерінің басшыларының отырысында парламенттік сайлау кезінде Қазақстан үшін ұйымдайтынын және қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лукашенко сайлау науқаны қиын болатынын айтып, Тоқаевқа қолдау көрсетті. Оған қоса, қуатты мемлекет қалыптастыру жолында сәттілік тіледі.
"Біз үшін 2020 жыл өте ауыр болды. 2021 жыл да қиын болады. Мен Қазақстанда жыл басында парламенттік сайлау болатынын білемін. Біз сізге және Қазақстанның тұңғыш президентіне осы саяси науқанда сәттілік тілейміз. Сіздерге қиын болады. Беларуссиядағы да, басқа елдердегі де жағдайды де көріп отырсыз. Сондықтан біз сізбен біргеміз, алаңдаймыз. Қазақстанды тұрақты, қуатты мемлекетке айналдыру жолында біз сізді қолдаймыз", - деді Лукашенко жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"