Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан тарихындағы ең әділетсіз сайлау болады": Қоғам белсенділері ОСК-ның жаңа қаулысын сынға алды

Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясының мәжіліс пен мәслихатының жалпыхалықтық сайлауын ұйымдастыруға қатысты жаңа қаулысы сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

4 желтоқсанда ОСК "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері туралы" қаулыны жариялады. Онда үміткерлердің сенімді өкілдері, бақылаушылар мен БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттері айқындалған.

Жаңа құжат сайлауды тәуелсіз бақылау мүмкіндігін айтарлықтай шектейді, деп дабыл қақты үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, саяси белсенділер мен журналистер.

Internews медиа ұйымының бағдарламалар үйлестірушісі Ирина Медникова Facebookтегі парақшасында бірнеше қаулы тармағын атап өтті. Оның сөзінше, қаулыға сәйкес көптеген ұйым сайлау учаскелерінде бақылаушы ретінде жұмыс істей алмайды. Олар қызметі туралы көптеген құжаттарды ұсынуы керек.

Қаулы фото және бейнетүсірілімге де шектеулер қояды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығуға тыйым салынады.

Белсенді Бэлла Орынбетованың пікірінше, "егер жарлық жойылмаса, бұл Қазақстан тарихындағы ең әділетсіз сайлау болады". Ол қоғамдық ұйымдарды комиссияның "қисынсыз" шешімін талқылауға шақырды.

Ал журналист Мирас Нұрмұханбетовтың пікірінше, Ортсайлаукомның шешімі "тәуелсіз бақылаушыларға ауыр соққы береді".

Орталық сайлау комиссиясы қоғамда туындаған резонансқа қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, осы қаулыға дейін Қазақстандағы сайлауды кез келген үкіметтік емес ұйымдар бақылай алды. Әсіресе, 2019 жылғы маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру барысында көптеген бұзушылықты тәуелсіз бақылаушылар анықтады.

Талқылау
Пікір
87473650336
14 Ақп, 21 жыл - 11:42

Бул сайлаудағы депутаттар куыршак депутаттар еди бирак отип кетти.Алдын ала уйымдастырылган ойткени халык бас котерип жатса кыргыз елиндеги секилди тарата салу үшін сайланды және ОС комиссиясының төрағасы ант кабылдатты ол да заңсыз болып есептеледі де парламентті тарата салады.Осыны тусину ушин көп акылды болу кажет емес кой