Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы қаулы күшіне енді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтан атауын өзгерту туралы қаулысы дүйсенбі, 19 қыркүйектен бастап күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев "Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы" қаулыға 17 қыркүйекте қол қойған. Мәтінде жарлықтың алғашқы ресми жарияланғанын күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған.
Сонымен қатар "Казахстанская правда" газетінде 19 қыркүйекте "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңы да жарияланды. Заңға президент 17 қыркүйекте қол қойған.
Еске салайық, 2 қыркүйекте “Жаңа Қазақстан” депуттар тобы Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы депутаттардың ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілгенін айтты.
PISA-2025: Қазақстанның білім көрсеткіші ТМД және әлем елдерімен салыстырғанда қандай?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда