Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда атауы ресми түрде өзгертілді: Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында. 

Сондай-ақ президент Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы" Жарлыққа қол қойды. 

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында. 

Еске салайық, Қаңтар оқиғаларынан кейін мәжіліс депутаттары арасында құрылған "Жаңа Қазақстан" тобы 2 қыркүйекте мәлімдеме жасап, президентті жеті жылға сайлау бастамасын қолдап, Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Ізінше президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар тобының астананың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсынысымен келіскен.

Бүгін, 16 қыркүйек күні, Қазақстан Парламенті Конституцияға жеті жылдық президенттік мерзімге және елорданың атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуге қатысты түзетулерді қабылдады

Талқылау