Қайрат Нұртастың аяусыз соққыға жығылғаны жөнінде ақпарат тарады: Полиция пікір білдірді
Қайрат Нұртастың соққыға жығылғаны жөніндегі ақпарат мессенджерлер арқылы тарап, Қостанай облыстық полиция департаментіне жеткен. Департамент басшысы аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін Қостанайда танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың аяусыз соққыға жығылғаны жөнінде хабарлама алдым. Ақпаратқа "полиция департаментінің жетекшісі баспасөз қызметі" арқылы түсініктеме беріпті-мыс.
Қайрат Нұртастың жағдайына көз жеткізу үшін онымен кездескенімді хабарлаймын", – деді Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков.
Әншінің жағдайы жақсы, ақпарат жалған.
Ол сөзінің дәлелі ретінде әншімен бірге түскен суретін жариялады. Қайрат Нұртастың Қостанайда концерт бергенін атап өтті. Сондай-ақ департамент басшысы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруге кірісті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"