AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кешіре алмайтындай жағдайға жеткіздім": Заңғар Нұртас келіншегімен айырылысып кеткен кезін еске алды

Заңғар Нұртас жұбайы Жібекпен Қытайда танысқан. Екі жас 2012 жылы Бейжіңге оқуға түсіп, бір жылдан кейін бір-бірін кезіктірген. Ал махаббат хикаясы 2014 жылы басталған. Бұл туралы Заңғар Нұртастың өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

9 жылға созылған махаббат хикаясын Заңғар қысқаша былай деп баяндады:

"2012 жыл. Жібек пен Заңғар Пекин қаласында оқуға түсті!

2013 жыл. Екі кішкентай ғана өмірдің ащы-тұщысын көрмеген 17 жасар жас бүлдіршіндер, бір-бірін кезіктірді! Бірақ ол кезде бір-бірін жақтырған жоқ.

2014 жыл. Қайта бір-бірін жолықтырып, 15 наурыз күні Заңғар Жібекке ұсыныс жасады, сол күннен бастап, әр айдың 15-і екі жастың бір-біріне деген махаббат күні болып қойылды! Сол күннен бастап әр айдың 15-і бір-біріне сыйлық табыстайды.

Өз үйінен, отбасынан алыста жүрген қос махаббат бір-біріне бауыр басып, арқа сүйер жақын адамға айналды!



2020 жыл. Заңғар үлкен қателік жасап, Жібекті кешіре алмайтындай жағдайға жеткізді! Яғни олар айырылысты.

2021 жыл. Жасалған қателік пен айырылысуды сынақ деп түсінді, себебі ол сынақтан олар өтпей, бір-біріне олар қаншалықты керек екенін, махаббат қарым-қатынасты қалай бағалау керек екенін түсінбеуші еді.
2022 жыл. Олар отау құрды! Осындай кішкентай кезеңдегі үлкен махаббатқа бұдан бұлай жаман ой-пікірлеріңізді жазбаңыздар". 

Айта кетейік, Нұртас әулетінің кенжесі Заңғар өткен аптада отау құрды. Екі жастың үйлену тойы 27 наурыз күні өтті. Тойда Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызбен інісі мен келініне неке сақинасын тақты. Ал Заңғар Нұртас той кезінде ағасы мен жеңгесін татуластырғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр