Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпсіздік сертификатының қажеті не? Министр жиі қойылатын сұраққа жауап берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатының қазақстандықтарға неліктен керек екенін түсіндірді. Министрдің айтуы бойынша, сертификат бір айда 8 миллион вирус белсенділігі фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату тақырыбының аясында түсініспеушіліктер туды. "Оның не қажеті бар?" деп сертификаттың қызметіне күмән келтірген қазақстандықтар аз емес. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату мәселесіне қатысты ойын бөлісіп, оны өз ұялы телефонына қойғанын айтты. 

"Ұялы телефоныма SMS хабарлама келді. Сертифкатты орнаттым. Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет деген сұраққа келсек, бүгінде интернетте түрлі құқыққа қарсы контенттер көп. Одан бөлек бір күнде мыңдаған кибершабуыл жасалады. Интернет қауіптердің қатарына суицидке, экстремистік жәнн террористік қимылдарға насихаттау және басқа да ҚР заңнамасына кері әсерін тигізетін контенттер жатады", - деді Жұмағалиев.

Министрдің сөзінше, сертификат интернет қолданушыларын түрлі кибервирустардан қорғайды.

"Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын 1,5 жылдан бері қолданып келеді. Соңғы бір айда қауіпсіздік сертификаты 8 милионнан астам вирус белсенділігі фактісін анықтап, 130 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен мекемелерді кибершабуылдан қорғады. Біз, әрине, мемлекеттік қызметшілер қауіпсіздік сертификатымен өз еркімізбен жұмыс жасай береміз. Қаласаңыздар, қорғаныңыздар. Мемлекет осыған қатысты іс-әрекет жасады", -деп түсіндірді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Адвокат Жангелді Сүлейменов бастаған заңгерлер тобы осы сертификат үшін ұялы байланыс операторларымен соттасатынын жазған едік. Арыз берушілер қауіпсіздік сертификатын орнатқанда мәліметтер үшінші адамға беріліп кете ме деп қорқады.

Талқылау