Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қауіпсіздік сертификатын орнату талаптары заңсыз": Адвокат Жангелді Сүлейменов сотқа талап қуаным берді

Қазақстандық заңгерлер ұялы байланыс операторларына ұлттық қауіпсіздік сертификатын заңсыз жолмен орнатып жатыр деген айып тақты. Айыпталғандар: "Кар-Тел" (Beeline), Kcell және Altel, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

 "Бостандықтағы аудандық сотқа барып, Beeline операторына арыз жаздық. Сот оны сейсенбі күні қабыл алды, өте жылдам қабылдады. Біз процесттің басталғанын күтіп отырмыз. Әнуарбек Сқақов елордада Kcell-ді сотқа берді, арыздың қабылдануын күтіп отырмыз. Біздің досымыз әрі керемет заңгер Антон Самохин Қарағанды қаласында Altel-ді сотқа берді", — деді адвокат Жангелді Сүлейменов. 

Арыз берушілер қауіпсіздік сертификатын орнатқанда мәліметтер үшінші адамға беріліп кете ме деп қорқады. Мұндай жағдайда  Конституцияның 18 бабында айтылған жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы бұзылады. Сертификатты орнатудан бас тартқан жағдайда ресурстарға кіруде қиындықтар туындауы мүмкін. Заңгерлер осыны да уайымдайды. 
 

Талқылау