"Қашықтан араласуға тура келді": Дастан Оразбеков жұбайымен таныстығын еске алды
Әнші Дастан Оразбеков жұбайы Жаннатпен таныстығын еске алды. Ол алғашқы кезде сүйіктісімен қашықтықтан араласуға мәжбүр болғанын айтты. Өзге аймақта жүрген ғашығының жүрегін жаулау үшін Оразбеков оған арнап ән жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Тамшылар" әні — жан жарыма білдірген сезімім, арамыздағы махаббат хикаясының бейнесі.
Біз 2006 жылы таныстық, бірақ мен жұмыс бойынша Мәскеуге жол жүруге мәжбүр болдым. Содан қашықтан араласуға тура келді. Сезімімді білдіру үшін оған арнап осы әнді жаздым.
Әннің алғашқы шумағында "Сенсің Жәннәт" деген жолдар бар. Сүйген жанның есімі “жұмақ” сөзімен мәндес болып шықты. Шынымен де көз алдымда ол маған жұмақтай сезілді.
Міне, осындай оқиғадан “Тамшылар” әні жарыққа шықты, ал онымен жанұямыздың тарихы басталады", - деп жазба қалдырды Оразбеков желідегі парақшасында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"